Елордада Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бұған дейін хабарлағандай, онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.
Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» таратқалы отыр. Осыдан бір апта бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдаған болатын.
Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды. Сондай-ақ, сол басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтқан еді.
«ҚазАқпарат»