Елімнің амандығын тілеймін

64 main Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. Карантин кезінде қиналған саланың бірі – кәсіпкерлік. Бірақ, соған қарамастан олар бір-біріне қол ұшын созып, көмек сұрап келгендердің бәріне жәрдемдесті.

Енді қатаң шектеулер біртіндеп жеңілдетіліп, қайта қалпына келмекші. Бұл жаңалық бізді қатты қуантты. Десек те, санитарлық талаптарды ұмытпауымыз керек. Ол біздің күнделікті әдетімізге айналуы тиіс.

Иә, карантин кезі кім-кімге де оңай болмады. Қарапайым халық дәрі-дәрмек таба алмай қиналды. Кәсібімен ғана күнелтіп отырған бизнес иелері табыссыз қалды. Мейрамхана,сұлулық салондары жабылды. Әрине, мұның барлығы өзіміздің денсаулығымыз үшін жасалды. Басты байлық қашан да алдыңғы орында ғой. Ауырсаң ештеңе жасай алмайсың. Жұртшылық оған түсіністікпен қарады.

Десек те, өзім қаланы аралаған кезде байқағаным, көптеген бизнес нысандар ғимараттарын сатуға шығарып қойыпты. Бұл дегеніңіз оңай нәрсе емес. Мұндай жағдайда бір ғана кәсіпкер емес, оның қарамағындағы жүздеген, ондаған қызметкердің тағдыры тұрғанын ескеруіміз керек.

Енді карантин талаптары біртіндеп жеңілдетілсе қайта бұрынғы қалпымызға келетінімізге сенімдімін. Бастысы, бетперде тағып, ара қашықтық сақтауды жадымызды шығармайық. Ең бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!


Раиса Көшекова,

кәсіпкер

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз