Жарнама
Жаңалықтар

Еліміздегі зейнетақының орташа көлемі қандай

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі 109 мың теңгеге жуықты құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

Биылғы 11 айда қазақстандықтарға 2,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Тек қараша айында ғана 245,9 млрд теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 171 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 276 мың адам.

«1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 960 теңге болды», — делінген ведомство мәліметінде.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button