Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде жаңбыр суы ақылы болуы мүмкін

Республика Үкіметі жаңбыр суын ақылы етуді көздеп отыр. Бұл Су кодексінде қарастырылған болса керек-ті. Алайда әзірге шенеуніктер бұл су үшін ақы қалай алынатынын білмейді, — деп хабарлайды bes.media.kz ақпараттық порталы.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасының Су кодексінің жобасын талқылады.

Бізге үкіметтік басылыммен келген конфигурация жаңбыр суына жергілікті атқарушы органдар бірден тариф белгілейді, бірақ оны қалай жинау керектігін білмесек, жаңбыр суы үшін кімнен ақы алуымыз керек деген орынды сұрақ туындайды. Бірақ бұл ақы біреуден алынуы керек, суға салық салынбайды, бірақ жұмыс үшін ақы төленуі тиіс, яғни бұл судың сақталуына, таза болуына  жауап болу керек, — деді жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев.

Әзірге жұмыс тобы жаңбыр суын есепке алынатыны немесе алынбайтыны туралы талқылап жатыр. Депутат Казанцев мемлекеттік органдар бұл мәселені шеттетуге тырысып жатқанын және оны ескерудің қажеті жоқ деп есептейтінін айтты.  Ал негізі депутаттар «судың да сұрауы бар» демекші, мұндай есептің жүргізілуі қажеттігін қолдайды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button