«Елімізде жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат беріле ме?»
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл мәселені сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері белгілейді.
«Ең бірінші, әр облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, онда қоғамдық және тамақтану орындарына, концерт залдарына қанша адам кіруге болатыны көрсетіледі. Бұл мәселені сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері белгілейді. Рұқсат берілген жағдайда қоғамдық орын қанша адамға арналғаны назарға алынуы тиіс. Ал ең маңыздысы – өңірдің эпидемиологиялық жағдайы. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», – деді А. Цой.
Айта кетейік, қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мынандай:
«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.