Елімізде теміржол билеттері қымбаттады
Atr.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл. Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
21 қыркүйектен бастап сұранысқа ие 28 бағыт бойынша теміржол билеттері қымбаттады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 бағыт бойынша бұрынғы баға сақталады, олар:
1. № 085/086 Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағыты;
2. № 021/022 Қызылорда – Семей бағыты;
3. № 313/314 Атырау – Маңғыстау бағыты;
4. № 339/340 Павлодар – Пресногорьковская бағыты;
5. № 373/374 Алматы– Жезқазған бағыты;
6. № 377/378 Алматы – Маңғыстау бағыты;
7. № 603/604 Нұр-Сұлтан – Арқалық бағыты;
8. № 085/086 Қарағанды – Сарыағаш бағыты;
9. № 021/022 Алматы – Семей бағыты;
10. № 22/6941/6942/21 Алматы – Достық бағыты;
11. № 339-55/56-154 Павлодар – Қызылорда бағыты.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстанда теміржол билеттерін қайтарған кезде салынып келген айыппұл алынып тасталды.