Елімізде наурыздың 10-ы күні тестілеу басталады

1 15 Жаңалықтар

«Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді» деп хабарлайды Atr.kz

Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу 10 күнге созылған болса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт берілді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет.  

Білім және ғылым министрлігі баспасөз-қызметінің хабарлауынша, пәндер саны әдеттегідей бесеу. Үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл – 140.

«Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады.  

Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру жүйесі – Face ID ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Осының барлығы академиялық адалдық қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтуге жағдай жасайды», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз