Жаңалықтар
Елімізде мұнай өндіру көлемі 3,5 есеге артты
Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Бұл туралы бүгін Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
«Яғни, қара алтынды өндіру бойынша көрсеткіш 91-ші жылдағы 25 млн. тоннадан 2018 жылы 90 млн. тоннаға дейін өсті. Жалпы айтқанда, тәуелсіздік жылдары ішінде 1,5 млрд. тоннадан астам мұнай және 740 млрд. текше метрден астам газ өндірілді. Ұлттық қорға кірістердің жалпы көлемі 31,6 трлн. теңгені құрады» деп нақтылады спикер.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА