
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Елімізде коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қаржылай бонус төленеді
Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажеттігін айтты.
Бұл туралы Президент өзінің twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады» деп жазды Президент.

«Atr — Ақпарат»