Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Елімізде бітімгершілік күштерді шығару аяқталды

«Бүгін, яғни, 19 қаңтарда елімізден Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы әскерилерін шығару аяқталды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі Қорғаныс министрлігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштерінің Ил-76 ұшақ бортымен Алматы қаласының әуежайынан соңғы бітімгерлер кетті.

«Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін қолдану дер кезінде қабылданған   тиімді шешім болды. Бұл операция көпжылдық ынтымақтастық барысында жасалған тетіктерді іс жүзінде қолданудың мысалы ғана емес, сонымен бірге одақтас мемлекеттердің жауынгерлік бауырластығы мен рухының нақты дәлелі ретінде ұйымның тарихында қалады», —  деді Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов.

Еске сала кетелік, Қазақстан Президенті 2022 жылдың 5 қаңтарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге республикадағы жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін бітімгершілік күштерді жіберуге өтініш білдірген болатын.

Қысқа мерзімде елге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстаннан жалпы саны 2030 астам әскери қызметші және 250 бірлік техникамен бітімгершілік контингенттері жіберілді.

Әскери күш стратегиялық маңызды, оның ішінде күнделікті өмір тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерді күзету міндеттерін орындады.

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталғанын атап өткен еді.

Осылайша, әскери контингенттер 13 қаңтардан бастап елімізден кезең-кезеңімен шығарыла бастады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button