Жарнама
Жаңалықтар

Eлімізде автогаз бағасы өседі

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газы бағасының көтерілуін өндірушілер шығындарының артуымен байланыстырып отыр. Жаңа баға саясаты 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Министрліктің мәліметінше, автогаздың бір литрінің ең жоғары бағасы 102 теңге, ал ең төменгі бағасы 65 теңге көлемінде белгіленеді. Бұл өзгерістер нарықтағы шығындардың өсуін өтеу үшін енгізілмек.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім автокөлік иелерінің шығындарын арттыруы мүмкін. Сонымен қатар жанармай құю бекеттерінде баға өзгерісіне байланысты кезек қалыптасуы ықтимал.

Қуандық ШӘКІРОВ

Сурет: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button