Елімізде алғаш рет Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-квест басталды
Atr.kz/25 қараша, 2019 жыл. Атырау облысында республикамызда алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-квест «Адалдың ісі» #впоискахправды#делочестности басталды.
Бір апта ішінде оның қатысушылары тапсырмаларға жауап іздеу бойынша тапсырмаларды орындап, фототапсырмаларды шешуі тиіс.
Акция Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай ұйымдастырылып, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенттерінің «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы күн сайынғы виртуалды және нақты тапсырмаларынан тұратын квестте қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 26 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында танымал «Instagram» әлеуметтік желісінде екі форматтағы тапсырмалар жарияланатын болады. Олардың біреуінде шифрленген орындар, адамдар, басқаларында – фототапсырмалар, ал оларды шешіп тапқан қатысушы 2 турға өз жолдамасын алады.
Келесі тур — Практикалық квест болып табылады, онда қатысушыларға кейс ұсынылады, оны шешу үшін қатысушылар — 1 турдың жеңімпаздары топтарға бөлініп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде өзін сынайды.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен алдын алу нәтижесі мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігеріне байланысты.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастырудағы маңызды құрамдас бөлігі — кәсіптік білім беруде тәрбие жұмысының әлеуетін пайдалану болып табылады. Осыған орай, Х. Досмұхамедова атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен бірге аталмыш акциясы басталды.
Өскелең ұрпаққа қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беруге арналған акцияның арқасында қатысушылар Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес және алдын алу тәсілдері туралы білім алады, өздерін тергеушілер, заңгерлер, жедел уәкілдер және прокурорлар ретінде сынап көреді.
Квестке 500 адам қатысады деп күтілуде.
Дереккөз: Атырау өңірік коммуникациялар қызметі