Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, — деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министрге холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолданыстағы құралдар шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша 2024 жылғы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды.

«Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин экономиканың шикізаттық емес секторын жалпы құны 4,09 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Өткен жылмен салыстырғанда қолдау көлемі 52%-ға артты. Барлығы 58 мыңға жуық квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын жеке компаниялар мен ұйымдар қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларын арттыру нәтижесінде өңірлерде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірушілер 7,3 трлн теңгенің өнімін шығарды және қызмет көрсетті. Сондай-ақ экспорт көлемі үштен бір есеге артып, 1,046 трлн теңгеден асты.

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, холдинг құралдары және оның құрылымдары арқылы шаруалар 10,5 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алды. Сондай-ақ көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын нарық жағдайында облигациялық қарыздарды тарту есебінен қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. «Жасыл» экономиканы дамыту мақсатында энергетика саласында құны 14,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба қолдау тапты.

Премьер-министрге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы ішкі құн үлесін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Жұмыстарда үлес 2023 жылы 97,9%-дан 2024 жылы 99,9%-ға дейін, қызметтерде 94%-дан 96%-ға дейін, тауарларда 3%-дан 48%-ға дейін өсті. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобы бойынша өткен жылы сатып алудың жалпы көлемі 54 млрд теңгені құрады. Бұл ретте отандық өндірушілерден 46 млрд теңгеге немесе 85%-ға тауарлар мен жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынды.

img 20250220 174657 294

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button