Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Елімізде 1366 медқызметкер наурызда 850 мың теңгеден үстемеақы алды

Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл.  Елімізде наурыз айында қауіпті аумақтарда жұмыс істеп жүрген 16 мыңға тарта медициналық қызметкер үстеме алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдау туралы тапсырмасына сәйкес 40 млрд 400 млн теңге бөлінді.

Коронавирус инфекциясымен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне наурыз айында барлық 17 аймақта үстемеақы берілді», — деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлеріне осы мақсатта 3 млрд 200 млн теңге аударылған. «Наурыз айында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің дәрежесіне қарай үш топтағы 16 453 қызметкерге үстемеақы аударылды. Қауіптің бірінші тобындағы 1 366 адам, екінші тобындағы 7 186 адам және үшінші тобындағы 7 901 адам үстемеақыға ие болды», — деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтқан болатын.

Наурыздың 30-нан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ай сайын еңбекақыларына белгілі мөлшерде үстемеақы төлеу туралы шешімді бекітті. Осы бұйрыққа сәйкес, тәуекелдің үш тобы анықталып, олар 380 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін үстемеақы алуы тиіс.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button