Елге жарық, жанға шуақ сыйлаған
Өмірлік маңызды нысандардың жарықпен және жылумен қамтамасыз етілуі энергетиктердің жоғары жауапкершілігі мен сапалы қызметіне, қондырғы-жабдықтардың қалыпты жұмысына байланысты. Жыл сайын, желтоқсан айының 22-сінде олар кәсіби мерекелері – Энергетиктер күнін атап өтеді. Осыған байланысты, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатовпен сұхбаттасып, кешеннің бүгінгі қызметімен кеңірек танысуға мүмкіндік алдық.
– Бауыржан Зайденұлы, аймақтың энергетика саласында атқарылып жатқан жұмыстар қандай? Бүгінгі әңгімені осыдан бастасақ…
– Сұрағыңыз түсінікті. Қазір облыстағы 155 елді мекеннің 151-іне тұрақты электр желісі жеткізілген. Оның қамтылуы 97,4 пайызды құрайды. Қалған төрт ауылға (Құрманғазы ауданындағы Қошалақ, Ә л і п о в ж ә н е И с ат а й ауд а н ы н а қарасты Мыңтөбе, Айбас) олардың о рт а л ы қ т а н ш а л ғ а й о р н а л а су ы және тұрғындардың аз қоныстануы себепті электр желісі тартылмаған. Тұтастай алғанда, тұтынушыларды элект р энергиясымен толықт ай қамтамасыз ету деңгейі 414 МВт болса, ол «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамының қуат өндіруші стансалары арқылы өндіріледі. Бүгінгі таңда облыстағы электр энергиясын тұтыну көлемі 260- 280 МВт-ты құрайды. Сондай-ақ, өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін қосымша электр энерги — ясын өндірушілердің қатарында «Теңізшевройл» ЖШС (522 МВт), НКОК (360 МВт), Атырау мұнай ө ң д еу з ау ы т ы ( 3 0 М В т ) ж ә н е «СагатЭнерджи» (11 МВт) компанияларын атауға болар еді. Қазіргі у а қ ы т т а Ат ы р ау ж ы л у — э л е к т р орталығының шығарып отырған энергетикалық қуаты облыстың бүгінгі қажетін қанағаттандыруға жеткілікті. Осы орайда, соңғы жылдары жүзеге асырылған инвестициялық бағдарламалардың арқасында өндіріс өнімділігі еселеп артты. Аймақта баламалы энергия көздерін тиімді пайдала — ну мақсатында Исатай ауданының Манаш ауылында қуаты МВт-тық жел электр стансасы салынып, былтыр іске қосылған болатын. Жобаның құны – 12,3 млрд. теңге, мердігер мекеме – «Ветроэнерготехнология» ж а у а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серіктестігі. Мұнда 36 бірлік жел элект р қондырғысы (желқа лақ) о р н ат ы л ғ а н . Б а л а м а л ы қ у ат т ы т ұ т ы н у т а р и ф і 2 2 , 6 8 т е ң г е н і (қосымша құн салығынсыз) құрап отыр. Бүгінде Атыраудағы «Ұлттық и н д у с т р и я л ы қ м ұ н а й — х и м и я технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қуаты 310 МВт газ турбина электр стансасының құрылысы жүргізілуде. Б ұ л ж о б а н ы ң б а с т а м а ш ы с ы – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС, құны – 111,2 млрд. теңге. Мұнда екі бу және сонша газ турбинасы қойылған. Құрылыс алаңында технологиялық жабдықтарды монтаждау, орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.
– Ескірген желілерді қалпына келтіру, қайта жаңғырту бағытында қолға алынған іс-шаралардың барысына тоқталсаңыз?
– Мұндай нысандар негізінен т е м і р ж о л с т а н с а л а р ы м е н бекеттерінің үстімен өтеді. Күні бүгінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Атырау электрмен жабдықтау дистансасы» (ЭЧ-4) мекемесінің қамтуындағы жүйелердің 60-70 пайызы тозған. Соның салдарынан, соңғы кездері желілердің бойында апатты жағдайлар жиілеп кетті. Мұның өзі жергілікті тұрғындардың орынды ренішін туғызуда. Осыған байланысты, облыс бойынша 12 елді мекен мен тұрғын кешенге тартылған электр желісін ауыстыру жұмыстары басталып отыр. 2019 жылы – 340 млн. теңгеге жуық, 2020 жылы – 269 млн. теңгеден а с т а м қ а р ж ы б ө л і н і п , б ұ ғ а н Құлсары қаласындағы, Қызылқоға ауданының Жамансор ауылындағы, М а х а м б е т — 1 , С а р ы т о ғ а й е л д і мекендері, Самал, Жасыл белдеу шағынаудандарындағы (Махамбет), Ерғалиев, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден ауылдарындағы (Исатай) электр желілері жаңартылып, негізгі жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осындай ауқымдағы шараларды таяу уақытта Атырау қаласындағы бірнеше тұрғын үй кешенінде, сонымен қатар аудандарда одан әрі жалғастыру жоспарланды. Шаһарда жаңадан бой көтерген т ұ р ғ ы н ү й к е ш е н д е р і м е н шағынаудандардың қатары көбейіп келеді. Әйтсе де, олардың бәрін б і р м е з г і л д е қ а ж е т т і к ө л е м д е электр энергиясымен қамтамасыз е т уд і ң м ү м к і н д і г і б о л м а й д ы . Техникалық тексеру жұмыстарының қорытындысы қаланың көп қабатты үйлері қатар түзеген жекелеген шағынаудандарында және жеке секторларында желідегі кернеудің төмен екендігін көрсетті. Сол себепті, ара-тұра жарық болмай, жылу мен судың тоқтап қалатын жағдайлары кездеседі.
– Кезекті жылу беру маусымына әзірлік жұмыстары қалай жүргізілді, келесі жылдың жоспары қандай?
– Күзгі-қысқы кезеңге дайындық ш а р а л а р ы ш е ң б е р і н д е о б л ы с орталығында барлығы 782,8 шақырым электр және 19,6 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ негізгі қондырғыларын жөндеуден өткізді. Сол сияқты, Атырау қаласының Нұрсая шағынауданында жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асатын магистралды жылу құбыры толықтай жөнделіп, пайдалануға берілсе, Индер ауданында 7 жылыту қазандығы жаңасына ауыстырылды. Мұның сыртында, бюджет қаражатына жекелеген өңірлерде жылу қазандықтары, дизель генераторлары, циркуляциялық сорғылар, газ есептегіш құрылғылар, ауа температурасы мен қысым өлшейтін құралдар, су жылытқыш қондырғылар орнатылып, ғимараттардың жылу және кәріз-су жүйелері күрделі жөнделді. Нәтижесінде, жылдағыша қазан айының алғашқы күнінен бастап әлеуметтік нысандарға, ал 15-інде о рт а л ы қ т а н ж ы л ы т ы л ат ы н к ө п қабатты тұрғын үйлерге жылу берілді. 2021 жылы елді мекендердің электр қуатымен жабдықталуын жақсарту, а п ат т ы ж а ғ д а й д а ғ ы ж е л і л е р д і жаңғырту мақсатында 12 жобаны іске асыр у ж о с п а р л а н д ы . С о н ы ң і ш і н д е , 6 жоба бойынша құрылысмонтаждау жұмыстарына қажетті қаражат к ө зд е р і қ а р а с т ы р ы л с а , төртеуі ведомостводан тыс немесе тәуелсіз сараптамадан өткізілуде. Сөзімнің соңында осы салада абыройлы қызмет атқарып, елге қуат, жанға шуақ сыйлап жүрген барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтағым келеді.
Дәулетқали АРУЕВ