Жарнама
Жаңалықтар

ЭЛЕКТРЖЕЛІЛІК КОМПАНИЯЛАРҒА БӘСЕКЕ ҚАЖЕТ

Депутат 2004 жылы жаңа электр энергетикасы туралы заң қабылданғанда бұрын тек аймақтық электржелілік компаниялар ғана электр энергиясын әрі тасымалдаушы, әрі тұтынушыларды онымен қамтамасыз ететін компания болғанына тоқтала келе: «Ол нарықта бәсекелестік ортаны құру үшін электрмен жабдықтаушы компаниялар заңды түрде пайда болады. Заңда өзгерістер енгізу арқылы осы электр энергия көздерімен жабдықтайтын компаниялардың кіруі осы нарықта тарифтердің төмендеуіне әкеледі деп күтілген. Бірақ, біздің күткеніміздей, олардың ортасына бәсекелестік болмады да, олар электр энергиясымен қамтамасыз етуші компаниялармен үлестес түрде жұмыс істеп кетті», — деді.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда KEGOC компаниясында үлкен жиналыс өткізіліп, жиын барысында аймақтық электржелілік компаниялар мен электр энергиясымен жабдықтаушы компанияларды біріктіру туралы бірнеше ұсыныс айтылған көрінеді.

 «Қазіргі уақытта мұны заңмен реттеп, бұларды біріктіруді бір уақытта жүзеге асыруға болмайды. Бұл мәселе әлі де болса зерделенуі керек. Себебі, көптеген электр энергиясымен жабдықтаушы компаниялардың балансында желілер бар. Онда көптеген азаматтар қызмет етіп жатыр, әрі олардың негізгі қаражаттары, мүлкі бар. Оны бір уақытта аймақтық электржелілік компаниялармен қосу электр энергиясымен қамтамасыз ету нарығын құлдыратуы мүмкін. Сондықтан да, бұл мәселені зерттеп, тетіктерін жетілдіріп барып қана қосуымыз керек», — деп атап өтті А.Бекенов.

Оның пайымынша, энергияның бірқатар тасымалдаушыдан өтуі бағаны қымбаттатады. Яғни, қазіргі уақытта өндірушіден шыққан энергия тұтынушыға жеткенше елеулі қымбаттап, үлкен айырмашылық туындайды.

 

ҚазАқпарат.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button