Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Электрмен жабдықтау желілеріне қалай қосылу қажет?

Atr.kz/9 шілде, 2019 жыл. Қазақстанда бизнес үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілді.

Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізілді. Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондайақ электрмен жабдықтауға арналған келісім-шарт жасау мерзімі айтарлықтай қысқартылды.

Кәсіпкерлерге , тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісім-шарт жасасуға болады. Бұрын бұл процедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын. Белгіленген қуаты 5 МегаВатқа дейін электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса бермейді.

20181025160243 1

Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілген немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартта мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар болса): қуаты 200 кВтқа дейінгі – 5 жұмыс күні ішінде; қуаты 200 – ден 1000 кВт-қа дейінгі – 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВттан жоғары 15 жұмыс күні ішінде. Техникалық шартты қайта рәсімдегені үшін төлемақы алынбайды. Құрылыс – монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті.

С о н ы м е н қ а т а р , мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау ж ө н і н д е г і о р г а н н а н электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да қажет емес. Электрмен жабдықтауға келісім шарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды. Энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарымен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін және мерзімдерін бұзған жа ғдайда, тұтынушылар олардың іс-әрекеті (әрекетсіздігі) жөнінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10/А, тел: 8(7122) 32-26-68, 32-26-69 орналасқан мекен-жайына шағымдануға болады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті

aebf7a3867694bfcbdeef5f1d52b915e resize w 600 h 315

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button