Елдік мәселелер талқыланатын алаң
Бұл – елдік мәселелер талқыланатын алаң. Заңгер ретінде айтатыным, бұған дейін өткен Ұлттық Құрылтайда жалпыхалықтық референдум, адал азамат, жауапкершілік міндеті туралы айтылды.
Әділетті Қазақстан дегеніміздің өзі, біріншіден, заңның үстемділігін білдіреді. Өйткені, ел арасында зорлық-зомбылық секілді ауыр қылмыстар көбейіп кетті. Өскелең ұрпақтың денсаулығына зиян келтіретін бір реттік шылым секілді зиянды заттарға құмартушылық та белең алды. Бұл жерде сот жүйесіндегі реформа туралы да айтылады.
Мәселен, кассациялық сот құрылып жатқаны жайы да сөз болмақ. ҚР Мәжілісінің сот жүйесіндегі күні кеше ғана қабылданған заң ол – «Әкімшілік юстиция» деп аталады. Бұл реформада бюрократияны жоюға маңыз берілген. Қазір Мәжіліс саласындағы қаралып жатқан заңдар ашық талқылануда. Біз қашан да заң үстемділігі мен тәртіпті бірінші орынға қоюымыз керек.
Марат Башимов,
Парламент Мәжілісінің депутаты