Елбасы мұғалімдердің жалақысы 80%-ға өсетінін айтты

4830068 Білім

Мемлекет басшысы Ресейдің «Первый канал» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорда.

4830068

Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әңгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері жөнінде айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне және перспективаларына тоқталып, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізгі мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінің мәнін түсіндіріп, оны сапалы түрде орындаудың маңызды екенін айтты.

«Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында мұғалімдердің жалақылары да өсетін болады. Қазір біз мектептерде білім берудің жаңа мазмұнына көштік, бұл мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары көзделген. Санаты көтерілген мұғалімдердің жалақысы қосымша 50 пайызға көбейетін болады», – деді Қазақстан президенті.

Хорлан Смадияр

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз