Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Елбасы тағайындаған 50 мың теңге кімге және қалай беріледі?

Atr.kz/14 қазан, 2020 жыл. Таяуда Елбасы Н.Назарбаев партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге төлем ұйымдастыруды тапсырды. Birgemiz қорынан 100 мыңнан астам мұқтаж отбасыға 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.

Бұл қаражат облыстардағы халық саны мен ондағы мұқтаж адамдардың қаншалықты көптігіне байланысты бөлінеді. Әр облысқа әрқалай аударылуы мүмкін.

Бұл қаражат кімдерге беріледі?

Қаражат елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына түседі. Яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына іргелес шағын қалалар мен аудандарда және ауылдық жерлерде тұратын аса мұқтаж отбасыларына беріледі. «Birgemiz» қорының шоты еліміз бойынша 23 қалада бар.

50 мың теңге

Қазіргі таңда осы бағытта өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.  Азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері беріледі.

50 мың теңге

Ақша қай банкке түседі?

«Birgemiz» қоры арқылы берілетін 50 мың теңге екінші деңгейлі банктерге аударылады. Алушы азаматтардың жұмыс істеп тұрған шотына аударылады. Бұл сомадан несие, басқа да төлемдер ұсталмайды. Негізі төлем Halyk Bank арқылы жүргізіледі. Салық ұсталмайды. Алушылар 50 мың теңгені толықтай қолдарына алады. 

«Мұқтаж адамдардың санатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды. Бұл ақша қайда жетеді? деп пікір білдіргендер бар. Біреуіне берілсе, екіншісі назардан тыс қалып қояды. Барлығын қамту мүмкін емес. Сол үшін шынымен мұқтаж отбасыларға берілуі керек. Бұл мемлекеттің емес, жеке қордың көмегі. Біз мемлекет сияқты барлығын қамти алмаймыз. Бұл жерде сын айту орынсыз деп ойлаймын. Біздікі мемлекеттік жәрдемақыға қосымша көмек. Алдағы уақытта ақшаның тағы да берілу, берілмеуі пандемияның өршуіне байланысты болмақ. Екінші жағынан қалталы азаматтардың қаншалықты ақша аударуына да байланысты», − дейді «Birgemiz» қорының баспасөз қызметі.

Облыстарға ақша аударылды

Қызылорда облысында қор есебінен берілетін материалдық көмек  нақты 4 санат бойынша бұған дейін қамтылмаған тұрғындарға тағайындалған. Бұл өңірде асыраушысынан айырылған тұл жетім санатындағы 6 адам 50 мың теңге алады. Қаражат алатын мүмкіндігі шектеулі І топтағы азаматтар саны – 68. Нақты кімдердің алатыны туралы тізім қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық қал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мемлекеттік деректер қорынан алынады.

 «Birgemiz» қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған.

Еркежан Айтқазы,

«Aikyn.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button