Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жеріне барады
Atr.kz/2 сәуір, 2019 жыл. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы Шамалған елді мекеніне барады.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын аралайды деп жоспарланған. Нұрсұлтан Назарбаев туған жеріне барады Дәл осы уақытта жергілікті халық Елбасымен кездесу үшін орталық алдына жиналуда.
«Біз бүгін өзіміздің жерлесіміз, дара тұлға — Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге келіп тұрмыз. Әлбетте, біз Елбасымен жерлес болғанымызды мақтан тұтамыз. Алла тағала ол кісіге денсаулық берсін», — деді жергілікті тұрғын.
Нұрсұлтан Назарбаев туған жеріне барады ҚР Тұңғыш президенті Шамалған ауылының тұрғындарымен де кездеспек.
Еске салсақ, наурыз айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапарлап келген болатын. Алматы әуежайында ҚР Тұңғыш Президентін жастар гүл шоқтарымен қарсы алды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізді.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»