Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Елбасы — Қазақстанның және оның жаңа астанасының шаңырағын көтеруші бас архитекторы

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл.   «Тұңғыш Президентіміз  байтақ елімізге басшы болған жылдары Қазақстанымыз гүлденіп, ел ішінде тыныштық пен тұрақтылық орын алды» дейді еңбек ардагері Сергей Алпатанов.

Ұлан асыр даламыздың көршілес мемлекеттермен арадағы шекаралық белгілеріміз шегенделді. Жүздеген мемлекеттерге  үлгі болып  ядролық қарудан алғаш болып бас тарттық. Дүние жүзіндегі әр түрлі діни конфессиялардың басын қосып, әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін тағы да алғашқы боп өткіздік. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы айтылған  зор еңбектерінен-ақ оның тек ел мүддесіне ғана емес, әлемдегі бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына қызмет атқарғанын көруге болады.

12 3

Сондай-ақ, Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстан үшін жасаған баға жетпес ерлігінің бірі – еліміздің астанасын Алатау баурайындағы  Алматы қаласынан көшіріп, Сарыарқаның сайын даласының төсінен әсем де алып  елордасы  Астана қаласын салуы еді. Иә, Елордамыздың бүгінгі күні әлем таң қалатын ажарлы да айбарлы ірі қалаға айналуына Елбасымыздың тікелей қатысы бар. Шетелдердің мемелекеттер мен қоғам қоғам қайраткерлері Елбасын бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның және оның жаңа астанасының шаңырағын көтерушісі, бас архитекторы  деп орынды бағалайды.

alpatanov

Астанамыз қазіргі таңда  Мәскеу, Токио, Мехико, Лондон секілді алып мегаполистермен қатар деңгейде өркендеп келеді. Бас қаламыз жылдан-жылға, күннен-күнге өсіп, кеңейіп, гүлденуде. Ол, бүгінгі күні армандар жүзеге асатын қалаға айналды.  Сондықтан,  ел кіндігінен Астана қаласын салғаны үшін, Тәуелсіз мемлекеттің шаңырағын көтеріп, әлемге танытып берген Нұрсұлтан Әбішұлына келер ұрпақтардың қай толқындары да рахмет айтары анық. Өзі өмірге әкелген байтақ қаласын Нұрсұлтан қаласы деп атаса да болатындай. Себебі, Елбасы, тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің зор мақтанышымыз болып қала береді» деп түйіндеді сөзін спикер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button