Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Ел тарихындағы ерек күн

«Елдігімізді, тірлігімізді, бірлігімізді айшықтап тұрған Тәуелсіздік күні – ұлт тарихындағы ең ұлық күн. Себебі, өз алдына дербес, азат ел атану – кез келген ұлттың маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Дүние жүзінде екі жүзден астам ғана тәуелсіз мемлекет болса, сол тізімді Қазақстан толықтырып тұр». Атыраулықтарды ең ұлық мерекемен құттықтаған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев осылай деді.

????????????????????????????????????

Облыс орталығындағы Құрманғазы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатта толайым табыстарға қол жеткізгендігін атап өтті.

«Ұлт Көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақ  елі дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналды. Бүгінде жиырма жылдық  мерейлі датасын атап өтіп отырған Астана – әлемдік деңгейдегі маңызды геосаяси, экономикалық шешімдер қабылданатын ортақ келісім алаңына айналды. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету арқылы Қазақстан кәрі құрлық алдындағы позициясын нығайта түсті» деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әлеумет әлеуетін арттыру жолындағы шаралардың жалғасатынын айтты.

Ел тарихындағы ерек мерекенің құрметіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №798 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен  «Атырауинжстрой» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Серік Оразбаев  наградталды.

«Құрмет» орденімен  еңбек ардагерлері Вячеслав Афанасьев, Қайыржан Әлиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Ернар Баспаев, Атырау қаласының әкімі  Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы, «Құрсай» ЖШС бас  директорының  кеңесшісі Әнес Бисенов, Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының басшысы  Берік Жәменов, «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатов марапатталды.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Атырау мұнай өндеу зауыты» ЖШС техникалық қондырғылар операторы  Нұржан Қадыров, Индер ауданының  «Нүрет» шаруа қожалығының аға шопаны Қаламғали Сапаров, «Ерен еңбегі үшін» медалі «Каспий Балық» кооперативінің Шортанбай балық өндеу зауытының атқарушы директоры Болат Абдулов, Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі  Қанат Ғаббасов, Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округінің әкімі  Сайлау Жұмағалиев, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау филиалының директоры Қойшығұл   Жылқышиев,    Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының дыбыс режиссері  Болат Қохаманов, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева, Қазақстан Республикасы параволейбол құрама командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан  Тахауов, еңбек ардагері Мауия Тілесова,  Қызылқоға ауданының Жаңашаруа қазақ орта мектебінің мұғалімі Меңдіғали Төкеновке тапсырылды.

????????????????????????????????????

«Шапағат» медалімен Мақат аудандық орталық ауруханасының анестезиолог — реаниматолог дәрігері Төлеу Дәулетов,  Атырау облыстық кардиологиялық орталығы реа-нимация бөлімшесінің аға медбикесі Жадыра Садуақасова,  Атырау облыстық балалар ауруханасы жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван, Атырау облыстық ауруханасының эндокринологі Анна Чичибабина марапатталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі музыкалық бөлімінің әрлеушісі  Бауыржан Ақтаев, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Құлсары мұнай құбыры басқармасының технологиялық көлік және арнайы техника цехы пайдалану қызметінің меңгерушісі Кеңес Байсейітов, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының директоры Әйгерім Досқалиева, Исатай ауданының «Болат-Д» ЖШС директоры Дарын Зұлхашев,  Атырау облысы әкімі аппараты бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Екатерина  Перепечкина, «Қазақстан темір жолы — Жүк тасымалы» АҚ-«Мақат пайдалану локомотив депосы» филиалының бастығы Абзал-Сенбі Самаликов,  Қызылқоға ауданының «Сағыз и К» ЖШС директоры Сағызбек Тастеміров,  Жылыой ауданының «Балапан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Айгүл Тоғызбаева, «Wheels brothers»  мотоклубы қоғамдық бірлестігінің президенті Олег Шмальға тапсырылды.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button