Ел біріншілігі жастар жылына арналды

69592520 2496877687199274 8400263282815926272 n Жаңалықтар

Atr.kz/26 тамыз, 2019 жыл. 24-25 тамыз күндері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жастар жылына орай 1999-2000 ж.т. жастар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі бəсекеге еліміздің облыстарынан 200-ге жуық спортшы 14 салмақ дəрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Асылбек Қалиев бастаған Атырау облысы құрамасы ел чемпионатында 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

82 келі салмақта Нұржан Байбосынов күміс, 62 келіде Жұмабек Жолдасқалиев пен қыздар арасында +78 келіде Шынар Сүйіндікова қола жүлделерге ие болды.

Жарыс нəтижесінде қараша айында Қазан (Ресей) қаласында өтетін Əлем чемпионатына спортшылар іріктелді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз