Жаңалықтар
Экспорт 91 миллион АҚШ доллары
Atr.kz/1 қазан, 2019 жыл. Мұнайлы өңірде әлемнің 50 елімен бірлескен 1000-нан астам компания тіркеліпті.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, олардың арасында АҚШ-тың 49 бірлескен кәсіпорны бар. Бұл компаниялар мұнай-газ және мұнай-химия, инженерлік-барлау қызметі, геология салаларына инвестиция салыпты.
Биылғы жылдың жеті айында Атырау облысы мен АҚШ арасындағы сауда-саттық көлемі 248 миллион АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт – 91 миллион, ал, импорттың көлемі 157 миллион АҚШ долларына жетті.
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ