Екпе салдыруға не кедергі?
Облыстық әкімшілікте өңірімізде коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жұмыстарының жүру барысы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың басшылығымен өткен жиынға басқарма басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
– Қауіпті індеттің ошағы әлі басылған жоқ. Берілген мәліметтерге с ә й к е с , а й м а ғ ы м ы з д а з е й н е т ж а с ы н д а ғ ы а д а м д а р м е н ө к п е қ а б ы н у ы н а ш а л д ы қ қ а н д а р д ы ң д ү н и ед е н ө ту ф а кт і л е р і ә л і д е тіркелуде. Сондықтан біз індеттің таралуын болдырмау үшін, облыста вакцинациялау жұмыстарын жүйелі қолға алуымыз қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары. Аймағымыздағы эпидемиялогиялық ахуалдың мән-жайын, екпе салу жұмыстарының жүру бары — сын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев баяндады. Оның айтуынша, өңірімізге 2021 жылдың 1 ақпаннан бастап І компонентті құрайтын 74 200 вакцина жеткізіліп, оның 50 604 дозасы егілген. Ал ІІ компонентті екпенің 20 314 дозасы тұрғындарға салынған. Жұртшылық алған екпенің 63 700 дозасы – «Спутник-V» вакцинасы болса, 1000 дозасы – «QazVac», 9000 дозасы – «Hayat-Vax» вакцинасы.
Екпе салу пунктері ТШО қалашығында (2 пункт), қала базарлары мен ойынсауық орталықтарында, аудандарда ашылған.
Бүгінде облыс бойынша оның саны 41-ге жеткен. – Е к п е н і с а л д ы р у ж ө н і н д е жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары ж ү р г і з і л г е н і м е н ә з і р г е о бл ы с халқының белсенділігі байқалмайды. Бұған әлеуметтік желілердегі екпе салдыртуға негізсіз әңгімелердің де кері әсер етіп отырғаны шындық. Сондықтан, оған тосқауыл қойып, в а к ц и н а ц и я л а уд ы ң п а й д а с ы н халыққа түсіндіру керек. Қазіргі таңда облысымызда бұл жұмыстар мұға лімдердің арасында дұрыс жолға қойылмаған. Сол себепті, баламен тікелей жұмыс жасайтын 15 мыңнан астам педагогтың тек 4578-і ғана екпе алған. Бұл бар болғаны 29 пайызд құрайды, — деді басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев.
Жиын барысында аудандардағы ва к ц и н а ц и я л ау ж ұ м ы с т а р ы н ы ң жүргізілуі тексеріліп, облыс әкімінің орынбасары басқарма басшылары мен аудан, кәсіпорын өкілдеріне екпе салу жұмыстарын мейлінше қолға алуды қатаң тапсырды.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ