Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Экологтар қызғалдақ пен бәйшешекті сатып алмауға кеңес берді

«Зеленое спасение» экологиялық ұйымы көктемнің алғашқы күндерімен қатар шығатын қызғалдақтар мен бәйшешектергүлдерін жұлуға, сатуға және сатып алмауға шақырды. 

20160413064426

Экологтардың айтуынша, Қазақстанда бәйшешек пен қызғалдақ танымал гүлдер. Олар өздерінің әдемілігі мен хош иісімен тартымды. Өкінішке қарай, көктемнің алғашқы күндерімен қатар гүлдеп шыққан сәтте оларды жоғалып кету қаупіне байланысты Қазақстанның қызыл кітабына енгізілгеніне қарамастан адамдар бұл гүлдерді аяусыз жұлып, сатылады.

Табиғат жанашырлары гүлдерді баданадан жұлып алған сәтте олар өліп, ендігі жылы сол жерде қайтадан гүлдемейтінін ескертті.

«Егер гүл баданасыз жұлынып алынса да, бұл өсімдікке кері әсерін тигізеді. Бұл гүл тұқымдарының тарауына кедергі жасайды. Ал бадана солып қалады. Себебі, гүлсіз өсімдік дами алмайды. Көктемде гүлдеп шығатын жабайы гүлдерді өзгелер көруі үшін сақтаңыздар. Ең басты ереже — жұлып алмау, сатпау және сатып алмау! Әдемілікпен бөлісудің ең тиімді жолы — фото, видео және сіздің суретіңіз», — дейді экологтар.

Сонымен қатар, олар сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған гүлдерді жойған үшін 3 АЕК (7 215 теңге, 1 АЕК — 2 405 теңге) көлемінде айыппұл төлеу немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

 

Хорлан Смадияр

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button