Екінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепке барып оқи ма?
Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салғызуды тапсырды.
Рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, бір апта мерзім ішінде жеке қорғаныш құралдарының бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, байланыста болған адамдарды, ауырғандарды қадағалау, субъектілердің санитарлық талаптарды сақтауына мониторинг жүргізу бойынша бағдарламаларды енгізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Өңірлердің әкімдеріне екі күн ішінде ұйымдастырылған ұжымдардың басшылығымен карантин режимін сақтау жөнінде арнайы кеңес өткізу, мектептер мен медицина ұйымдарында санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын жеке бақылауға алу тапсырылды.
Үкімет басшысы өңірлер әкімдіктеріне апта соңына дейін «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуы бойынша сауда-ойын сауық орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл ретте белгіленген талаптарды бұзушыларға қатысты олардың жұмысын тоқтата тұруға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Қабылданған шешімдер:
I. Мектептегі оқыту бойынша — екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін;
— ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.