Екінші кезеңнен сәтті өтті

20170411 114835 Жаңалықтар

Ұлт Жоспарында және Елбасының халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілгендей, мықты кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін мемлекеттік органдар мен атқарушы билік құрылымдарында жұмыс жасайтын басшы-мамандардың, қызметкерлердің білім деңгейін анықтап, біліктілік дәрежесін көтеріп отырудың маңызы зор.

20170411_114835

Қазіргі уақытта осы мақсатта республикамызда «А» және «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау науқаны жүргізілуде. Ол үшін арнайы комиссиялар құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығына сәйкес,  сейсенбіде  Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының  қызметкерлері де аттестациялаудың екінші кезеңі – әңгімелесу үрдісінен өтті. Мұның алдында олар электронды тәсілмен тестілеу сынағын сәтті тапсырған болатын.

20170411_133320

Аталған мекеменің (қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларды қоса алғанда) қазіргі уақытта 45 бірлікті құрайтын штаты бар. Қазір нақты қызмет атқаратыны – 44 қызметкер. Соның ішінде тиісті заңдылықтарға сай аттестациялаудан өтуге міндетті – 30 адам, 14-і Мемлекет басшысының Жарлығы талаптары негізінде одан босатылған.  Бұлардың арасынан облыстық аумақтық инспекция басшысы мен орынбасары заң талаптары бойынша сынақтан жоғары аттестациялық комиссиядан және комитет деңгейінде өткен. Ал, қалған 28 қызметкер (мұнда да 18-і – екінші, 10-ы үшінші деңгейдегі) мекеме жанынан құрылған аттестациялық комиссиядан әңгімелесуден өтті.

Дәулетқали Aруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз