Жарнама
Жаңалықтар

Екі жылда мемлекетке 850 млрд. теңге актив қайтарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Кездесу барысында прокуратура органдарының атқарған жұмыстары мен заңдылықты қамтамасыз етуге қатысты шаралар талқыланды.

Мемлекет басшысына соңғы екі жылда мемлекетке 850 млрд. теңге актив қайтарылғаны туралы баяндалды. Бұл қаражат есебінен 400 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысы қолға алынып, оның 60-ы аяқталған.

2023 жылы Арнайы мемлекеттік қор құрылған болатын. Қорға жемқорлық жолымен алынған қаражат, тәркіленген мүлік және активтерді басқарудан түскен кірістер түседі. Жиналған қаражат әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.

2025 жылы сотқа 55 қылмыстық іс жолданып, 112 адам сотталған. Қазіргі таңда 80 қылмыстық іс қаралу үстінде. Қайтарылған залал көлемі – 14,4 млрд теңге. Тәркіленген мүлік көлемі – 105 млрд. теңге, оның ішінде 12 млрд. теңге есірткі қылмыстары бойынша.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңдылықты қамтамасыз ету мен активтерді қайтару жұмыстарын жүйелі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button