Жарнама
Жаңалықтар

Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті өңірдің 18-30 жас аралығындағы азаматтарын жұмысқа шақырады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Жұмахан Әбілбеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті 2020 жылдың наурыз айында құрылды. Аталған департаментінің бөлімдер мен бөлімшелері Исатай, Құрманғазы аудандарында және Дамба елдімекендерінде орналасқан. ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті көршілес Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны қорғайды. Шекаралық аумақта белгіленген тәртіптің заңдылығын сақтау мақсатында, құрлықта, аумақтық және ішкі суларда Мемлекеттік шекараның тұтастығы мен қол сұғушылықтардан сақтайды.

— ҰҚК ШК Атырау облысы бойынша департаменті өңірдегі жастарды әскери қызметке шақырады. Әскери қызметшілерге жыл сайын барлық жағдай жасалып, мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп келеді. Сондай-ақ қолайлы әлеуметтік пакеттер бар. Атап айтсам, міндетті зейнетақы жарналары мен салық аударымдарынсыз айсайынғы жәрдемақы. Қызмет кезеңінде қызметтік тұрғын үймен де қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (әскери қызметке шақырылған күннен бастап) тұрғын үй төлемдері жасалып, жинақтау нәтижесінде тұрғын үй төлемдері арқылы Қазақстанның кез келген аймағында тұрғын үйді ипотекамен сатып алуға болады. Әскери қызметке келген жас сарбаз қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етіліп, тегін медициналық көмек, санаторий курорттық емдеу мүмкіндіктеріне ие болады. Сондай-ақ әскери қызметші 47 жастан бастап зейнетке шығады. Бұл әлеуметтік пакеттер Шекара қызметі қатарына шақырылған әскери қызметшілердің барлығына бірдей беріледі, — деді Ж.Әбілбеков.

Әскери қызметке барғысы келетін азаматтардың жас ерекшелігі 18-30 аралығында болуы керек. Сондай-ақ денсаулығы әскери қызметке жарамды, кәсіби шеберлігі бар болуы қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button