Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

eatyrau.kz порталы туралы мамандар не дейді?

Нұрлан ХАЛМУРЗИН, Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

–Портал біздің де жұмысымызды жеңілдетті. Мәселен, бұрын жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жерге орналасу жобасын бекіту екі айға созылатын. Қазір порталдың арқасында бір айға қысқарды. Сондай-ақ, жер таңдау актісі мен сәулет-құрылыс жоспарын алу және тағы да басқа қызмет түрлері ұсынылады.

еаtyrau.kz порталының ерекшелігі сол, кез келген уақытта жеке кабинетте өз өтінішіңіздің өңдеу барысын бақылауға мүмкіндік бар. Ал, әрбір құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Құжаттың түпнұсқасы QR кодында оның әрбір бетінде шифрланған мекен-жай бойынша қолжетімді. Шын мәнінде цифрлық жүйе құжат алу рәсімдеу мерзімін қысқартуға, оны үйден тексеріп, қадағалап отыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға оң әсер етері сөзсіз.Тұрғындар мамандармен тікелей қарым-қатынаста болмағандықтан, жемқорлық  дерегі орын алмайды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта қаланың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Атырау облысының электронды қызметтер мен сервистер порталының арнайы оқытылған консультанттары жұмыс істейді. Олар өтінішті беру барысында қажетті құжаттар мен қызметті алу мерзімі бойынша кеңес бере алады. Ал, тұрғындар жер кезегін білу үшін бұрынғыдай арнайы мекемелерден емес, облыс әкімдігінің сайтынан ЖСН-ін теру арқылы біле алады.

TSifrlyi aza stan

Асқар ХАБИБУЛЛИН, «Alora IT Solutions» ЖШС-нің бас директоры:

– «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлық форматқа көшіру және автоматтандыру есебінен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында Атырау қаласында Электрондық қызметтер мен сервистер порталы іске қосылғаны белгілі. Бұл жүйені жасау бізге бұйырды. Негізінен eatyrau.kz порталы өтініш берушіге үйден немесе кеңседен шықпай қызмет алуға өтініш беруге мүмкіндік қана емес, қаланың мемлекеттік органдары мен коммуналдық ұйымдары арасындағы келісу процесін толығымен автоматтандырады. Осылайша, құжаттарды жіберу және олардың әрқайсысынан жауап күту уақыты қысқарады. Аталмыш қызметке қатысты толық ақпарат алу үшін: 8 (7122) 316213, 8 (7122) 316214, 8 775 679 2447, 8778 480 3193 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Алма ЕСҚАЛИЕВА,

жеке кәсіпкер:

–Бұл – уақытты үнемдеуге жолашар жоба. Енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ құжат ресімдеймін. Әсіресе, баламен үйде отырған әйелдерге, егде кісілерге өте ыңғайлы болмақ.

Жер қатынастары саласында тұрғындарға қызмет көрсетуші мекеме болғандықтан, құжаттарды рәсімдеуге халық көп уақыт жоғалтатынын жақсы білеміз. Кезекті айтпағанның өзінде кейбір құжаттарды бірнеше ай күтуге тура келеді. Сондықтан да болар, тұрғындардың басым бөлігі осы саладағы мәселелердің барлығы пара берумен ғана шешіледі деп ойлайды. Жаңа портал осындай келеңсіздіктердің алдын алып, сыбайлас  жемқорлықты болдырмауға әсерін тигізеді деп сенемін. Қызмет түрлерін асықпай зерделеп, түсініп алған жанға еш қиындық жоқ. Жеке кабинет ашу арқылы көптеген құжатты қалаған жеріңізден ала аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button