«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі
Қазақстанда 2011 жылы «Е-қызмет» тұжырымдамасы қабылданды. Жүйені әзірлеу 2013 жылы OR3 технологиясын қолдана отырып басталды және оған 100 % қазақстандықты қамтуды қамтамасыз етті. Жүйе архитектурасы пайдаланушылардың орталық сервермен жұмысын бірыңғай ережелер бойынша қарастырады. Жүйені жүзеге асыру негізіне ашықтық қағидасы қойылған. Кез келген мемлекеттік қызметші жүйересурстарына лауазымының рөлдік өкілеттігіне байланысты қолжетімді болады.
«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметінің басты мәселелерін шешуге арналған, сонымен қатар персоналды басқару процесстерін дамыту мен жетілдіру жүйесі болып табылады.
Өз кезегінде «Е-қызмет» жүйесін пайдалану мемлекеттік органдар кадр қызметтерінің жұмыс өнімділігін арттыруға және ақпаратты алу мен жаңарту кезіндегі уақыт және еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Жүйе мемлекеттік қызметкерлерге қатысты толық кадрлық ақпаратты қамтиды: мемлекеттік қызметкерлердің дербес деректері, ұйымдастырушылық мәліметтер (кадрлық есеп), кәсіби және жеке құзыреттілігі туралы мәліметтер, білімі, біліктілігі, еңбек өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестациялау нәтижелері, оқыту жөнінде есепке алу, курстардың мерзімі мен тақырыптары, ынталандыру туралы және әкімшілік пен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарының деректері.
Қазіргі уақытта «Е-қызмет» барлық жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейді.
Атырау облысы бойынша 265 мемлекеттік орган «Е-қызмет» ЫА жүйесіне қосылып, барлығы да штаттық режимде жұмыс жүргізуде.
Жүйеде жұмыс жасауға практикалық көмек ретінде «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ-ның қызметкерлері арнайы келіп, облысымыздағы кадр мамандары үшін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша оқу курсын ұйымдастырды. Біліктілікті арттыруға арналған семинарларда облыс, қала және аудандардағы кадр мамандары жұмыс істеуде білімдерін толықтырды.
Құмарова Айгүл
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
Атырау облысы бойынша
департаментінің бас маманы