Ең тәтті, ең дәмді…
Тәттіден бас тарта қояр адам жоқ шығар. Туған күн, үйлену тойы, басқа да салтанатты дастархандардың сәнін келтіріп, тіл үйірер дәмімен есте қалатын тағам, ол – торт. Бұл тіске басар десерт, балалардың ғана емес, ересектердің де сүйсініп жейтін тәттілерінің бірі.
«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Берекет» мейрамханасында Құрбан айт мерекесіне орай, бойжеткендерге арналған «Вупи пай», «Қызыл бархат» торттарын пісіруден шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпты жүргізген – «Берекет» мейрамханасының аспазы — Лаура Бақытбекқызы.
Қазір дүкен сөрелерінде торт түрлерінің көптігі сонша, көлемі, дәмі, безендірілуі жағынан бір-бірінен асып түседі. Бағасы қолжетімді болғанымен, өзіңнің ас үйіңде дайындаған тортыңа не жетсін, шіркін! Егер адамның қиялы ұшқыр болса, торттың түр-түрін жасап, оны пайда табу көзіне айналдыруға да болады.
«Тұтынушыларымыздың сұранысы бойынша, қазір шағын торттарды шығарып жатырмыз. Тәтті нан – табиғи өнімдерден жасалған. Құнарлығы мен құрамын таңдау да өз еркіңізде. Өте сіңімді торттар – әлемдік мамандардың өзін де мойындатып отыр» дейді, «Берекет» мейрамханасының аспазы – Лаура Бақытбекқызы.
Тегін шеберлік сынып қатысушылардың көңілінен шықты.
«Осындай шаралар болашақта да көбірек өтіп, тұрса екен» дейді олар.
Абай АҚМҰРЗИЕВ.
Суреттер: Zhasatyrau.kz сайтынан