Жарнама
Жаңалықтар

«Е-қызмет» бойынша құқықтық оқыту өтті

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері қағаз түрінде және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде электронды түрде қалыптастырылады. Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің мамандарына «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жеке істерін толтыру бойынша құқықтық оқыту өткізілді.

Оқыту барысында жеке істерінде болуы қажет құжаттардың тізімі, өмірбаянда ұсынылатын ақпараттар, оқыту курстарының сертификаттары және өзге де құжаттарды жүктеу тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар баяндалып, конкурстан тыс тағайындаулар бойынша ақпараттар ұсынылды.

Іс-шараның соңында туындаған сұрақтарға жауаптар ұсынылып, кері байланыс орнатылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button