Жаңалықтар
ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАДЫ
Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев зейнеткерлік жасқа келген Б.Қуановты қабылдап, облыс әкімінің атынан құттықтады. Өңірдің өркендеуіне сіңірген еңбегін, «Ауыл» социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде қоғамдық өмірдегі белсенді жұмысын атап өткен Ғұмар Ислямұлы оған зор денсаулық, баянды бақыт, қызметіне табыс, отбасына амандық тілеп, облыс әкімінің Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлығын тарту етті.
Кездесуде сөз алған Б.Қуанов өзіне көрсетілген осындай құрмет үшін ризашылық сезімін білдірді.
Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.