Еңбек еленген күн

 Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда салтанатты шара өтті. Оған қатысқан Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады. 

 Қай мемлекетті алсақ та, оның өсіп-өркендеуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Мемлекеттік қызмет саласын табысты реформалау және бәсекеге қабілетті, сауатты, білікті мамандармен толықтыру – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған басты міндеттерінің бірі» – деді қала басшысы. Одан әрі шара марапаттау рәсіміне ұласты. Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Күміс Әбілова мен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспановқа Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты тапсырылды. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова, Еркінқала ауылдық округі әкімі Ерғали Тапанов, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Анар Жеңісова қала басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Салтанатты жиын одан әрі мерекелік концертке ұласты.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз