
Жаңалықтар
Дженнифер Лопес алғаш рет Астанада концерт береді
Әлемге әйгілі америкалық жұлдыз Дженнифер Лопес осы жазда Қазақстан астанасында концерт қояды. Бұл шоу оның Up All Night атты әлемдік турнесінің аясында өтпек.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, концерт 1 тамызда елорданың ең ірі алаңдарының бірі – «Астана Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Бұл — Дженнифер Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті болмақ.
Бүгінде 56 жастағы супержұлдыз сахнада би мен вокалды шебер ұштастырып, жанды дауыстағы жарқын шоуымен танымал. Тур аясындағы қойылымда әншінің танымал хиттері мен жаңа әндері шырқалмақ.
Көптен күткен бұл іс-шара қазақстандық тыңдармандар үшін музыка саласында басты оқиғалардың біріне айналуы мүмкін.
Бек АЙДАРӘЛИ