Жарнама
Жаңалықтар

Дүрлігетіндей дәнеңе жоқ

Исатайлықтардың «Махамбет ауданы каналдарын ашып, суды Исатайға қарай бағыттап жатыр. Енді біз де тасқынның астында қаламыз» деген дүрбелеңіне байланысты мән-жайды нақтылау үшін Махамбет ауданының құзырлы органдарына да хабарластық.

Мәселеге орай Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, төтенше
жағдайлар жөніндегі жедел штабтың төрағасы Асхат Аймұратов жауап берді.

— Әлеуметтік желіде желдей
есіп, жұртты шулатып, елді алаңдатқан «Махамбеттіктер бастауын Жайық
өзенінен алатын каналдардың бәрін ашып, бізді суға кетірейін деп отыр» деген
мәтінде жазылып, таратылған әңгімеге арқау болатындай ешқандай негіз жоқ.
Өйткені, Бақсай каналы арқылы айдалған су Томан ауылына дейін жеткесін әрі
қарай теңізге қарай жіберіледі. Ал, ол жерде қауіп төндіретіндей ешқандай қауіп
те, су басып, астында қалып қоятындай маңайында ешбір елді мекен де жоқ. Оның үстіне, жоғарыдан келген суды өзімізден асырып, ежелден іргелес қонған, ауылы аралас, қойы қоралас отырған көршілерімізге қас қылу ойымызға да келмеген, — деді ол.
Анықтап келгенде мұның бәрі алып-қашпа әңгіме, дүйім елді дүрліктіретіндей
дәнеңе де жоқ болып шықты.

Дәулетқали АРУЕВ

Махамбет ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button