COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: «Елдердің көпшілігі әлі де індеттің алғашқы сатысында тұр»
Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. Тедрос Аданом Гебреисус өзінің микроблогында Батыс Еуропа елдерінде індеттің таралуы бәсеңдеп немесе тұрақтанғанын жазды.
Алайда, Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада қауіпті өсу қарқыны байқалады.
Ол карантин мен әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары вирустың таралуын тежеуге көмектесті деп есептейді.
«Дегенмен, ол аса қауіпті вирус болып қала бермек. Қолда бар деректер дүниежүзі халқының басым бөлігі сезімтал болып қалатынын көрсетіп отыр. Бұл ‒ вирус қайта таралуы мүмкін дегенді білдіреді», — деді Тедрос Гебреисус.
22 сәуірдегі деректер бойынша, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 2,6 млн-нан асты, олардың 180,78 мыңы көз жұмып, 701,4 мыңы вирусты жеңіп, сауығып шыққан.