«Дина» сауда орталығы жабыла ма?

rs1herev Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы төтенше жағдайға және алда күтіліп отырған тасқын суға байланысты «Дина» базарының жабылатындығы туралы хабар таратылуда. Осыған орай «Дина» ЖШС өкілдері түсінік беріп, желдей ескен жаңалықтың жалған ақпарат екенін атап айтты. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

⁃ «Дина» базары штаттық режимде жұмыс істейді. Қазір барлық кәсіпкер мен сатушылар өздерінің сауда орындарында. Азық-түлік тапшылығы жоқ, – дейді «Дина» ЖШС бас директорының орынбасары Қаһарман Жәрдем.

Айта кету керек, қазір «Дина» базарының кәсіпкерлері мен сатушылары Ақсай ауылдық округі мен «Мұнайшы» шағынауданындағы жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдырылды.

А.ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз