Жаңалықтар
Дін істері басқармасында – жаңа басшы
Атырау облыстық дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа басшы Қаһарман Мұсаевты ұжымға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Қаһарман Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Түркия Республикасы Сельчук университетінің «теолог», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «құқықтану» мамандықтарын тәмамдаған. Әр жылдары «Сема Құрылыс» ЖШС менеджері, «Арма Глобал Сервис» ЖШС сату бойынша менеджері қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысы Дін істері басқармасында бірқатар лауазымда еңбек етті.