ЖаңалықтарҚоғам
Деструктивті ағымдағы 86 адам дәстүрлі исламға бет бұрған
Бұл туралы Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- Жалпы 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 350 деструктивті діни ағым жақстастарымен 1200 жеке теологиялық оңалту шаралары өткізілді. Сонымен қатар, терроризм және экстремизм бабы бойынша сотталған 39 жазасын өтеушімен 200 рет жеке кездесу, 8 жалпы шара және 2 интелектуалдық сайыс өткізілді, – деді Қайролла Көшқалиев.
Басқарма басшысының мәліметіне сәйкес, осы аралықта 86 тұлға толықтай дәстүрлі діни бағытқа қайтарылған. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент болса, қалғаны экстремизм баптары бойынша жазасын өтеп шыққандар және олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар.