Жарнама
Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТАЛҚЫСЫНДА – ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиевтің айтуынша, мал басын көбейтуге арналған мемлекеттік бағдарламалар көп. Бірақ, олар тиісті деңгейде жүзеге аспай отыр. Себебі, әр ауданның бағдарламаға қатысу ниеті әркелкі. «Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасына Исатай, Құрманғазы, «Алтын асық» бағдарламасына қатысуға Жылыой, Қызылқоға аудандарынан басқа ұсыныс болған жоқ. Сол секілді, ірі сабақты мал азығын дайындау мәселесінде де ақсап отырған аудандар бар» деген ол аудан әкімдеріне тиісті тапсырма беріліп, мал жайылымдарын суландыру, түйе жануарының санын арттыру, малды асылдандыру мәселелерінің өткір тұрғанын айтты.

Әлеуметтік маңызды жобалардың бірі – халықты ауыз сумен қамту. Осы орайда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ақылбек Байшаханов елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейінің 52%-дан 75%-ға жеткенін айтты. Алайда, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандары бойынша пайдалануға берілген тоғыз су тазарту стансасы жұмыс істемей тұр. Оған арнайы құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін тиісті мамандардың болмауы себеп.

Сессияда айтылған назар аударарлық мәселенің бірі туберкулез ауруының асқынуы болды. «Аурушаңдық деңгейі салыстырмалы түрде азайғанымен, республикалық көрсеткіште жоғары күйінде қалып отыр» деген әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Әлия Бекқожиева облыста 176 дәрігердің жетіспейтіндігін, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты көбейту керектігін айтты.

Сессия соңында өндірістік кооперативтің қалыптасуына зор үлес қосқан Мыңжан Меңдешовті Құрмет грамотасымен марапаттау мәселесі қаралып, ұсыныс депутаттардың қолдауына ие болды. 

 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button