![Депутаттар – Соколок каналында 1 bez imeninnn](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/bez-imeninnn.jpg)
Депутаттар – Соколок каналында
Атырауға жұмыс сапарымен келген республика Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты Соколок каналындағы қазіргі ахуалмен танысып қайтты. Депутаттарды Соколок каналының қала бетіндегі қосымша бекеттің жауапты координаторы, облыстың мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев күтіп алды.
![Депутаттар – Соколок каналында 2 aaua](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/aaua-1024x683.jpg)
Оның айтуынша каналдан қала бетіне қарай бір шақырым жерде қосымша бал тұрығызылып жатыр. Бұл 1994 жылдан бері тұрған бөгетті қосымша жандандыру жұмыстары екен.
![Депутаттар – Соколок каналында 3 bez imeninknkn](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/bez-imeninknkn-1024x683.jpg)
– Қазір бізге бекітілген 15 шақырымның 7 шақырымы аяқталып тұр. Балдың астыңғы ені 10 метр, үстіңгі ені 4 метр, биктігі 5 метр. Осы аймақта жеке кәсіпкерлердің көмегімен 37 техника жұмылдырылған. Әуелде 800 адам қызмет етсе, қазір 200-ге қысқарған. Бүгінде Мақат ауданынан күш біріктіруге жұмысшылар келіп жатыр. Мұнда 2 палаткалы штаб құрылды, биодәретхана мен жанармай құю бекеті бар,- дейді Ә.Семғалиев.
![Депутаттар – Соколок каналында 4 bez imenikkk](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/bez-imenikkk-1024x683.jpg)
Астана қаласынан келген мәжілісмендер Соколок каналының жұмысына қанағаттанып, еңбек етіп жатқан жұмысшылар мен тұрғындарға ризашылығын білдірді. Салынып жатқан бөгет су тасыған жағдайда сапаы болатынына көздері жетті.
![Депутаттар – Соколок каналында 5 auauaua](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/auauaua-1024x683.jpg)
Малика ТӘКЕЖАНОВА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ