Жарнама
Жаңалықтар

Депутат «Ақжайық» резерватының мәселелерімен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов жұмыс сапары аясында Атырау қаласындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен және сала өкілдерімен кездесті.
Кездесуге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы Әнуарбек Бермағамбетов, резерват директоры Дәурен Есқабылов облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев қатысты.
-13 маусымда тұтанған өрт 1500 гектардан астам аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 203-бабы – табиғи кешендерді қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қызметтік тексеріс нәтижесінде нақты себеп анықталмақ, — деді Әнуарбек Бермағамбетов.

8508db78 532b 4131 8c86 7d6445a60e6a


Оның айтуынша, орман өрттерінің алдын алу мақсатында 2027 жылға дейін 68 миллиард теңге қарастырылған. Өрт қаупі жоғары саналатын 11 облыста 15 тікұшақ бар. Алайда Атырау облысында бірде-бір тікұшақ жоқ.
Кездесуде кадр тапшылығы, техникалық жабдықтардың тозуы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі секілді мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, «Ақжайық» резерватын Атырау облысы әкімдігінің балансына беру ұсынысы да айтылды. Алайда республикалық маңызы бар мемлекеттік мекеме болғандықтан, мұндай өзгеріс заңға қайшы. Комитет өкілінің айтуынша, бұл үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізу қажет.

–Депутат ретінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша нақты шараларды қолға алу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдаймын, — деген Дүйсенбай Тұрғанов мәселені мінберде көтеретінін айтты.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button