Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Дене қызуы жоғары сайлаушылар учаскелерге жіберілмейді

Ондай сайлаушыларға медициналық орындарға барып, диагностикадан өту ұсынылады, деп хабарлайды Atr.kz

Егер азаматтардың дене температурасы 37 градустан жоғары болса, немесе басқа да респираторлық аурулардың белгілері, мәселен, жөтел, тұмау немесе әлсіздік байқалса, онда олар учаскеге жіберілмейді.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.

«Барлық учаскелік сайлау комиссиялары жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Бетперде, антисептик пен дезинфекциялық кілемшелер – бәрі бар. Сайлаушылардың температурасы өлшенетін болады.  Қолданыстағы ережеге сәйкес, дене қызуы жоғарылар жіберілмейді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет» деп түсіндірілді комиссияда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button