
ЖаңалықтарҚоғам
Демалыс күндері ауа райы күрт суытады
«Қазгидромет» РМК 11-13 ақпан демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан, арктикалық ауа ағымдары келе басталды. Сондықтан демалыс күндері, республиканың шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, көптеген облыстарында ауа-райы суық болады деп күтілуде.
Республиканың барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 ° C төмен болады деп күтілуде.