Жаңалықтар

Дәулет Кәрібек Amanat партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек партияның атқарушы хатшысы болып тағайындалды.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы. Президент жастар кадр резервінің мүшесі.

2009 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатында түрлі лауазымдарды атқарды.

2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ. Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті. Астана (сол кездегі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және «Amanat» (сол кездегі «Nur Otan») партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді. 2022 жылғы 14 наурыздан бері «Amanat» партиясының хатшысы қызметін атқарып келді.

ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button