Дәріханадағы дәрі бағасы…
Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Бұл мәселе «Адалдық алаңының» тікелей бақылауында.
«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәрі-дәрмектердің бағасын заңсыз қымбатсыту фактілерінің алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 7 шілдесінен бастап, арнайы жедел желі қызметін іске қосқан болатын. Екі күннен бері ватцап желісіне қымбат бағаға сатқан дәріханалар жөнінде 7 ақпарат келіп түсті.
Атырау қаласы тұрғындарынан жедел желіге дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасына байланысты келіп түскен шағымдарға сәйкес, қалалық әкімдіктің жанынан құрылған мобильдік топ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті және “Атырау адалдық алаңы” ЖБ қызметкерлерімен бірге бүгін облыс орталығындағы бірнеше дәріханаларға мониторинг жүргізді.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, орын алған фактілер бойынша актілер толтырды.
Атап айтсақ, «Baizaar» сауда ойын-сауық орталығындағы «Зеленая аптека» тауар белгісіне тиесілі дәріхана желісінде Канефром препараты (60 др.табл.) шекті баға 6 564 теңгенің орынына 6 899 теңгеге, Флемоксин 1892 теңгенің орнына 2044 тг, «На Гурьквский» дәріханасында цефозалин 222 теңгенің орнына 240 теңгеге сатылғаны анықталды.
Сол секілді, тұрғындардан басым көпшілігі «Нәсіп» дәріханасына шағымданып, онда да Кардиомагнил, Флемоксин,Цефозалин дәрілерінің шекті бағадан асып сатылып жатырғандығы анықталды. Аталған жағдайлар бойынша кәсіпкерлерге ескертулер берілді. Егер бұл актілер жүзеге асатын болса, 2 778 000 млн теңге айыппұл өндірілуі керек.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандардағу өкілдері Жылыой, Индер, Махамбет , Құрманғазы аудандарындағы 15 дәріхана жұмысын қоғамдық бақылауға алып , шекті бағаны сақтау бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің (КОАП) 426/1 бабы бойынша бизнестің көлеміне байланысты бекітілген бағаларды өсіргені үшін дәріхана иелеріне 100-200-1000 көлемінде минималды есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынатынын ескерткіміз келеді. Ал заңсыз дәрі кіргізіп сату, заңсыз пайда табу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және қалалық мобильдік топ аталған жұмыстарды жалғастырып, нақты дәлелденген фактілер бойынша тиісті шараларды қабылдайтын болады.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА